Текст
2017 жылдың 15 наурызы күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ-де орналасқан ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінде Атбасар және Сандықтау ауданының он бірінші сынып оқушылары үшін ҰБТ байқау сынағы өткізілді. Түлектерге Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленген сұрақ кітапшаларымен жұмыс жасау, байқау сынағының жауап парақтарын толтыру техникалық дағдыларын бекіту және ең бастысы -ҰБТ пәндері бойынша тапсырмаларды орындау барысында уақытты тиімді пайдалану білігін жетілдіру, шыңдау мүмкіндігі ұсынылды.