1 наурыз күні Жақсы поселкесінде балаларды қауіпті референттік компьютерлік ойындарға жұмылдырудың алдын алу бойынша тәжірибелік семинар өткізілді. Бұл тақырып бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр,сондықтан да семинар Президенттің еліміздің болашағы - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау туралы сөзінен басталуы кездейсоқ болмады. Біздің мақсатымыз балалардың әлі бекімеген ойларын компьютерлік ойындарды құрушылардан және осы ойындардың зиянды әсері мен ықпалынан сақтандыру. Дәл осы ойды прокурор, психолог, ТЖҰ да өз сөздерінде қозғады. Жиналғандар балалармен жұмыс барысында пайдалануға болатын: өзіне – өзі қол жұмсаудың жеті аңызы, мәінез-құлық пен эмоционалдық жағдайдың өзгеруі, депрессиялық симптомдар туралы көптеген пайдалы ақпараттар алды. Жеткіншектердің референтті ойындарға жұмылу белгілеріне ерекше назар аударылды.
Семинар нәтижесі бойынша: балалардың эмоционалдық жағдайын күнделікті бақылау, олардың бос уақыттарын ұйымдасытру, оқушыларды үйңірме жұмыстарына қатыстыру, ата-аналарға компьютерге «Ата-аналық бақылау» қызметін орнату туралы кеңес беру, сенім телефондарын оқушылардың назарына жеткізу туралы ұсыныстар берілді.
Семинар тәжірибелік бағытта, аса ұйымдасқан түрде және тіимді өтті.