Күлкі, өткір әзілдер және жақсы көңіл күймен байланысты әуен дыбысы барлықтарымызға таныс. Кәсіпқой «көңіл тапқырлар» теледидарларымызда шеберлікпен өнер көрсететіні анық, алайда біздің арамызда да таланттар бар. Жұма күні «№2 орта мектебі» КММ өткен көңілді және тапқырлар фестивалі біздің жерімізде дарынды, әзілқой және таланты ашылмаған әртістердің барын көрсетті. Көрермендер қызықты, әзілді шоу күткені анық, алайда соншалықты тамаша болады деп ешкім ойламады. Көрермендердің көңіліне шек болған жоқ. Құттықтау және сәттілік, жеңіске деген батасымен «Жұлдыз» БҚБО ҚБ Президенті Пятков Александр Сергеевич сөз сөйледі. Бағдарлама жүргізушілері жиналған қауымды қазылар алқасымен таныстырды. Фестивальге тоғыз команда қатысты. Әр команданың қатысушылары ерекше киім киген, кімге жанкүйер болатыны айқын көрінді. Түрлі секторларға бөлінген жанкүйерлер өз шоуларын көрсетті, сахнада орын алған көрсетілімге ду қол шапалақ, дыбыс қоштауы, командаларға арналған ұрандарымен қолдау білдірді. Жарысқа қатысушы командалар екі конкурсқа қатысты. Барлық командалардың таныстыру конкурсында шеберлік, тапқырлық, әртістік талант, жарқын әзілдердің жоғары деңгейі көрінді. «СТЭМ» конкурсында да командалар жоғары жеңгей көрсетті. «№1 орта мектебі» КММ-нің «ЭКШН» командасы үздіктер қатарына ілінді. Сол кеште барлық жиналғандар қазылар алқасының шешімімен келіскені анық. Барлық 6 үздік команда фестиваль ұйымдастырушыларынан Бурабай а. «Звездный» БСО-ның базасында өтетін фестивальдің жартылай финалына шақырту алды. Бірақ сол командаларға еркін демалатын кез әлі ерте. Оларды конкурстың келесі кезеңі күтуде.
Біздің ата-аналарымыз – Комбатуров Н.Т., Бартош Р.Н, Стригун Л.Г., Малышев Г.П. балаларымыздың фестивальге дайындалу және қатысу ісіне көмек көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мың рахмет!