Текст
16 ақпан күні № 1 орта мектепте қала мектептерінің 11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы өтті. Жиналғандардың назарына жаңа форматтағы қорытынды аттестаттау өткізу мен ҰБТ тапсыру ережелері және технологиялары жайында жан-жақты ақпарат берілді. Жиналыста «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ басшысы - Наймушина Н.Г., бас маман - А.Т.Исасеитова, ҰБТ өткізу орнының жетекшісі Кадырбекова Г.Х., Атбасар ауданы ата-аналар ассоциациясының төрайымы - Садвокасова Б.М. сөйледі.