Жеткіншек ұрпақтың патриоттық тәрбиесі туралы айтқан кезде ең алдымен «патриотизм дегеніміз не?» сұраққа назар аудару керек. Көбінесе «патриотизм» ұғымы Отанға, оның тарихы мен ұлы істеріне деген мақтаныш сезіммен, сонымен бірге елді өркендету және оның халқын бақытты ету ісіне өз үлесін қосуға құлшыныспен байланысты. Осы орайда, патриоттық тәрбиелеу объектілер мен субъектілердің, ұжымның, жалпы қоғамның адам психологиясына өзара ықпал етіп, әсер беретін өзгеше үдеріс болып табылады. 2017 жылдың 15 ақпаны күні № 1 орта мектепте 1- 11 сынып оқушыларына арналған «Дорогой Афганской войны» тақырыбындағы сынып сағаты өткізілді. Оқушылар бұл соғыстың өту тарихы, қанша уақытқа созылғаны, Отан қорғау жолында қанша ауған соғысының сарбаздары үйлеріне қайтып оралмағаны жайында кең ақпарат алды.