Текст
Математика, физика, информатика пәндерінің онкүндігі аясында ашық сабақтар өткізілді. Презентацияны қолдана отырып балалар жаңа материалды өз беттерінше зерттеді. Жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесі компьютерлік тестілеу арқылы тексерілді.
10 сыныпта Кадырбекова Г.Х. «Производная тригонометрических функций» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында балалар теория бойынша жақсы білімдер, күрделі функцияның туындысын табу бойынша машықтарын көрсете білді. Балала туынды тарихына экскурсия жасап, тригонометриялық функциялардың туындыларын анықтауға қажетті формулаларды өз бетінше таба білді.
Сабақтарды өткізу кезінде оқытудағы жаңа әдістер қолданылды.