«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құқық бұзушылықтардың алдын алу Кеңесі

31.01.2017

2017 жылдың  26 қаңтары күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы  №1 орта мектебі» КММ –де кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу Кеңесі өткізілді. Кеңесте Атбасар АІІБ ЖПК қызметкері полиция аға лейтенанты Исабеков М.У., ата-аналар қауымдастығының төрайымы Абаева З.М., мектеп директоры Чуркина Т.А., ОІМ Бекова Л.Г., ОІҒМ Мусулмамбекова К.Б., ТЖҰ Садвокасова А.М., әлеуметтік педагог Сахнова А.В., педагог – психолог Исасиитова Г.Б., 8 «Б», 9 «В» сыныптардың сынып жетекшілері және пән мұғалімдері қатысты. Кеңестің мақсаты кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамның құқықтық негіздері бойынша түсіндірме жүргізу болды. Отырыста сабақтарды дәлелсіз себептермен босатып жүрген оқушылар мен олардың арасындағы  негативтік тәртіп мәселелері қаралды. Полиция қызметкеркері Исабеков М.У. мектеп оқушылары мен ата-аналары алдында қылмыстық жауапкершілікке тарту қай жастан басталатыны және ата-аналардың өз балаларына қатысты қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы түсініктеме берді. Өз тәжірибесінде кездескен оқиғаларға сүйене отырып мысалдар келтіріп, мектеп оқушыларына көшедегі және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері туралы ескертті. Алдын алу Кеңесіне ерекше тәрбиелеу-педагогикалық үдерісін қажетсінетін 7 оқушы қатысты. Сынып жетекшілері тәртіпті нығайту мен балалар қараусыз қалуының алдын алу бойынша жұмыстардың жағдайы туралы айтып берді. 

Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст