Текст
2017 жылдың 27 қаңтары күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ -де химия және биология онкүндігі шеңберінде мұғалім Маскевич Анна Витальевна 9 «Б» сыныпта ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта критериалды бағалау, сын тұрғысына ойлау технологияларының элементтерін, АКТ қолданды. Түрлі жұмыстар: тәжіримбелерді пайдалана отырып топпен жұмыс жасау, оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстары, рефлексия – өткізілді. Балалар сабақта ең басты ойды анықтау мен өз жұмыстарын бағалай білетіндерін көрсетті. Нәтижесінде әр оқушы өз өзіндік бағалау бойынша белгіленген бағаларын алды.