19 қаңтар күні №1ОМте бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбына облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұн жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін формативті және суммативті бағалау үдерісін жоспарлау және ұйымдастыруды зерделеу болды. Семинарды модераторлар: Жамантаева Жанар Қанатовна, «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ақмола облысы бойынша БАИ кафедра меңгерушісі, Сағындыкова Гульдана Мырзабековна, аға оқытушысы өткізді. Сабақ өткізу барысында модераторлар оқытудың белсенді түрлерін: интерактивтік дәріс, мастер – класс, тренингтерді пайдаланды. Жанар Канатовна мен Гульдана Мырзабековналар оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың жаңа түрлері туралы түсінік берді, педагогтарды критериалды бағалау технологиясымен таныстырды, білімдік үдерісте критериалды бағалауды қолданудың негізгі тәсілдерін қарастырды. Бастауыш сынып мұғалімдері критериалды бағалауды көрсететін сабақтардың фрагменттерін әзірлеу және оны қорғау бойынша тренингке қатысты. Семинар мұғалімдерді кәсіби қызметтің жаңа кезеңіне, жаңаша жұмыс жасауға ынталандырды. Әр мұғалім семинардан үлкен эмоционалдық қуат пен жұмысқа деген құлшыныс алып қайтты. Жанға жайлы, жылы, демократиялық ортада, модераторлармен жоғары кәсіптік деңгейде ұйымдастырылып, өткізілген семинар аса маңызды болды.