«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сиқырлы музыка»

12.01.2024

2024 жылдың 11 қаңтар күні 1 «А» сыныбында эстетикалық цикл апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі  М.П. Рыбинскаяның «Сиқырлы музыка» тақырыбында ашық музыка сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: балет, сахна, балет әртістері ұғымдарымен танысу. Сабақ жақсы көңіл-күймен басталды, балалар «Сәлемдесу» әнін орындап, өздеріне  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнердің жаңа түрімен танысу үшін балаларға «Щелкунчик» балетінен үзінді бейнефильм ұсынылды. Бейнебаянды тамашалау балаларға үлкен әсер қалдырды. Сабаққа қатысқандардың бәрі  бір сәтке  театрда жүргендей сезініп, нағыз спектакльді тамашалады. Оқушылар: балет, балерина, балет әртістері, театр, сахна  тәрізді жаңа ұғымдармен танысты. Сондай-ақ,  орыстың ұлы композиторы П.И.Чайковскийдің шығармашылығымен және «Щелкунчик» балетімен танысты. Қайырымды қыз Мари, ержүрек Щелкунчик және айлакер тышқан патшаның кейіпкерлері бейнелері балалардың сан алуан сезімдерін оятты. Музыкалық интеллектті дамыту мақсатында оқушыларға балеттен музыкалық үзінділерді тыңдап, әуен қай кейіпкерге сәйкес келетінін анықтау тапсырылды. Балалар бұл тапсырманы өте жақсы орындады, әуенді мұқият тыңдады, әуенді кейіпкер бейнесімен салыстыра отырып, талдады. Балалар  музыка шынымен сиқырлы, өйткені ол тыңдаушыларға түрлі эмоциялар беріп, адамның жан дүниесінде керемет сезімдерді оятады деген қорытындыға келді. Ұлы композитордың тамаша туындысы махаббат пен мейірімділіктің, сондай-ақ музыканың ғажайыптар жасай алатынын көрсетті. Сабақ барысында  «Топай, хлопай», «Угадай-ка», «Кейіпкердің портретін сал» дидактикалық ойындары, «Алға төрт қадам» музыкалық дене жаттығулары ойналды. Сабақта балалар белсенді жұмыс жасады. «Вокалды орындау» бөлімінде  балалар  ән айту ережелерін қайталап, «Қазақстан» әнін орындады. Сабақ қызықты,  әрі танымдық болды.

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст