Текст
2024 жылдың 20 ақпанында бастауыш сынып апталығы аясында көбейту кестесін үздік білу бойынша «Математикалық мерген» сайысы өтті. Сайысқа 3 сынып оқушылары қатысты. Ауа райы жағдайына байланысты бұл жарыс ZOOM платформасында қашықтан өткізілді. Бұл байқау оқушылар арасындағы көбейту кестесінің үзді, к білгірлерін анықтауға мүмкіндік береді. Сайыс барысында оқушылар ынталарымен қатар көбейту және бөлу мысалдарын шешуде өздерінің зейінділігін, бастарымен жылдам санау қабілеттерін көрсетті.