14 наурыз күні "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ 8-11 сынып оқушылары арасында ақпараттық – түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері: жасөспірімдерде ерте жүктілік мәселесі, олардың мінез-құлқы мен алдын алу шаралары үшін жеке жауапкершілік туралы қажетті білімді қалыптастыру; өскелең ұрпақта оң стандарттарды тәрбиелеу, адамгершілік негіздерін беру. Кездесу "Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы" ШЖҚ МКК психологы Г. С.Жақсалықова, медбике В. Н. Шевченко, мектеп педагог - психологтары Г. Е. Дауренбекова, Е. П. Онопка, мектептің медицина қызметкері Н. А. Дьяченконың қатысуымен өтті. Оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсынымдар берілді. Әңгіме соңында оқушылар қойылған сұрақтарына мазмұнды жауаптар алды.