Текст
Атбасар қаласындағы «No1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Бук кроссинг» жобасы аясында мектеп кітапханашысы Д.А.Қоңырбаева мектеп оқушыларына «Мен – ел ұлымын» атты фотокөрме ұсынды. Қаныш Иманұлы Сәтбаев – көрнекті геолог, қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор. Қ.И.Сәтбаев Шадра ауылында (қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы) дүниеге келген. Қ.Сәтбаев этнографияға ерте араласа бастады. Кішкентай кезіннен әр жердің, өзен-көлдің атын атайтын аңыздар мен ертегілерді оқыды.
Ол есейе келе геологияны зерттей бастады. Оның хоббиі кейіннен оның зерттеулерінде маңызды рөл атқарды. Академиктің ең ірі жобасы "Ертіс-Қарағанды" каналы болды.