Текст
10.04.2024 ж.6"А" сыныбында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша сынып сағаты өтті. Оқушылар жұқпалы аурулардың түрлерімен, эпидемияның пайда болу себептерімен, берілу механизмімен және олардан қорғану тәсілдерімен танысты. Балалар әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, тақырыптық викторинаға, жұмбақтарды шешуге қызығушылықпен қатысты. Соңында оқушылардың әрқайсысы сынып сағатында не білгені туралы қысқаша шолу жасады.