Мектеп, саған мың алғыс! Мектеп... Бұл сөз қаншалықты көп қырлы және мағыналы, ол қанша ұғымды, мағынаны сақтайды. Әр оқу жылында жас түлектерді ересек өмірге апаратын білім ошағы. 25 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Атбасар қаласындағы № 1 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларына арналған " Мектеп, саған мың алғыс!» атты іс-шара өтті. Залда қонақтар, педагогтар, 2024 жылғы түлектердің ата-аналары жиналды. Салтанатты іс-шараны жарқын ұлттық би ашты. Мереке жүргізушілері Асаева Марем, Стригун Сергей барлық қатысушыларды қарсы алды. Мерекелік іс - шараға құрметті қонақ- Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина қатысып, түлектерге, ата-аналарға, педагогтарға ең жақсы тілектерін жолдады. Мектеп директоры Л. Г. Бекова түлектерге шын жүректен құттықтау сөздерін айтты. Қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.В.Позднякова оқыды, сонымен қатар түлектерді мектеп бітірумен құттықтады. Құттықтау сөздерін түлектердің алғашқы мұғалімдері: Маркелова В.А., Макажанова К.Г., Гемальская Ю.А. де айтты. Сынып жетекшісі Утеуова А.Б. өз оқушыларын ізгі тілектерімен құттықтады. Музыкалық нөмірді ата-аналар балаларына дайындады, олар мерекелік іс-шараны креативті қойылыммен безендірді. № 1 жалпы білім беретін мектептің түлектері мектеп әкімшілігіне, мектеп директоры Л.Г. Бековаға, педагогикалық ұжымға, алғашқы мұғалімдеріне, сынып жетекшісіне, ата-аналарына алғыс сөз айтты. Мектеп оқушылары өз мерекелерін музыкалық нөмірлермен безендірді, әрине, мектеп вальсі әсерлі болды. Мектеп түлектері үшін ең есте қаларлық сәт-соңғы қоңырау. Міне, соңғы қоңыраудың салтанатты минуты де жетіп келді, ол бітіруші сыныптың әр оқушысының өміріндегі жаңа шекараны белгілейді. Соңғы қоңырауды беру құқығы оқу үздігі Стригун Сергейге, спорт шеберіне үміткер Токарев Павелге, 1 сынып оқушылары Карибаева Айзаға, Садвокасова Қарақатқа берілді. Мектеп түлектері өз ұстаздарына, туған мектебіне ризашылықтарын білдірді. Тек қана алда болыңдар, армандарың орындалсын, бақыт, табыс тілейміз!