Текст
Ағымдағы жылдың 28 мамырында "Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ 6-сыныбында білім алушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеруін бағалау және оқу мен жазудың сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша емтихандар өткізілді. Емтихан оқушыларды мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру үшін енгізілді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазақ тілі мәдени-рухани бірліктің бейнесі болып табылады. Бұл ретте қазақ тілі ғылыми прогресс пен білім берудің үздік жетістіктеріне баулу құралы болуға тиіс.