Текст
Бүгін 7 маусым күні № 1 жалпы орта білім деңгейіндегі оқу курсы бойынша қазақ тілі пәнінен 11 сыныпта жазбаша емтихан өтті. Емтихан тапсырмалары екі бөліменен тұрады. Бірінші бөлімінде берілген сөйлемдердің өзара қандай байланысы бар екенін анықтады, ал екінші бөлімде мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып және өз пікірін қосып, сұраққа 150 -200 сөзден тұратын жауабын жазды. Оқушылар мәтіндегі идеяларды, аргументтерді қолданып емтиханды тапсырды.