Текст
Қорытынды емтихан. 2024 жылғы 10 маусым 9-сынып оқушылары таңдау бойынша емтихан тапсырады. Екі оқушы «Орыс әдебиеті» пәнін таңдады. Тапсырма үш блоктан тұрады. Бірінші блокта тест сұрақтарына жауап беру керек, екіншісінде көркем шығармадан үзіндіні талдау, сұрақтарға жауап беру, үшінші блокта берілген тақырып бойынша эссе жазу керек. Білім алушылар жұмыс барысында шығарманың мәселелерін, автордың шығармадағы орнын анықтап, оқыған шығармасына деген көзқарасын тиянақты түрде тұжырымдауы керек.