Атбасар қаласындағы No1 мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекеті оқушының үйлесімді, жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсатқа жету үшін мұғалімдер көптеген құралдарды пайдаланады, соның бірі – мектеп аумағын абаттандыру. Әдемі мектеп ауласының бейнесі оқушыны жағымды эмоциялармен қуаттап, оқу үдерісін ынталандырады
«Мектеп ауласын көгалдандыру» тұжырымдамасы бас ғимараттың айналасында орналасқан функционалдық аймақтарды құру шараларын қамтиды.
Жасыл аумақтардың рөлін асыра бағалау мүмкін емес: олар қолайлы микроклиматтық және санитарлық жағдайлар жасайды, табиғи ортаны қалыптастырады, мектеп аумағын функционалдық ұйымдастыруға ықпал етеді, эстетикалық мәнге ие, сонымен қатар жаппай экологиялық білім беруде табиғи объектілер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Смағұлова Г.Қ.