Текст
3 шілде күні «Балапан» мектеп алаңының балалары күнді жаттығулармен, қауіпсіздік ережелерін қайталаумен бастап, одан кейін Атбасар қаласының тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барды. Балалар туған жері туралы қызықты әңгіме тыңдады, суреттерді, жануарлар мен құстардың макеттерін тамашалады, сондай-ақ өткен заманда адамдардың қалай өмір сүргенін біліп, көрді. Балалар гидті үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Барлық балалар көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді!