Текст
9 шілде күні мектептегі «Балапан» ойын алаңында «Хобби әлемі» тақырыбына арналған күн өтті.
Бұл тақырыптың мақсаты: оқушылардың қосымша білім берудің әртүрлі түрлері туралы білімдерін дамыту және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Күн таңертеңгілік жаттығулар мен қимыл ойындармен басталды. «Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында нұсқау берілді. Одан кейін Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Онда балалар мектептен бос уақытында қандай үйірмелерге баруға болатынын білді. Бұл шахмат, көркем сөз, сурет үйірмесі, сәндік-қолданбалы өнер және т.б. Экскурсия қызықты әрі танымдық болды.