Текст
17 шілде күні "Балапан" мектеп ал
алаңында балалар ертегілер саяхатына шықты.
Іс-шараның мақсаты: балаларды адамгершілік құндылықтармен таныстыруға ықпал ету; балалардың бойында мейірімділік, ізденімпаздық, қоршаған ортаны құрметтеу сезімін тәрбиелеу. Балалар сайыстарға белсене қатысып, жұмбақтарды шешті, ертегілерді тыңдау және оқу арқылы балалар ересек өмірге дайындалады, қиын жағдайдан шығудың жолын табуға үйренеді, мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін меңгереді.