2018 жылдың 23 - 24 ақпаны күндері Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Бояулар құпиясы» жас суретшілер облыстық конкурсы өтті.
Конкурс мақсаты: мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің көркемдік, шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау, бейнелеу өнері арқылы олардың кәсіби бағыттарын ынталандыру.
Ақмола облысының 97 жас суретшісі салиқалы қазылар алқасының назарына 110 жарқын, бірегей туындыларын ұсынды. №1 ОМ жас суретшілері Кошман Арина, Малолетко Валерия, Гладырева Надежда – 8 «А» сынып оқушылары, Матрос Анастасия 9 «А» сынып оқушысы Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Оқушыларымызды, технология мұғалімі Гильманова Ольга Аркадьевнаны жас суретшілер облыстық конкурсына қатысуымен құттықтаймыз.
Келешекте шығармашылық жетістіктер мен жеңістер тілейміз!