Текст
Күлімдеген көзіңнен,
Күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға,
Жақын жан жоқ өзіңнен деп
6 наурыз күні «Айналайын» шағын-орталығының «Қарлығаш» тобында «Асыл ана» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте балалар қазақ, орыс, ағылшын тілінде аналарына арнап ана туралы әндер, тақпақтар айтты. Ертеңгілікке көңілді көктем келіп, балалармен және ата-аналармен ойындар ойнап, балаларды таңқалдырды. Көктем ханшайымы балалармен би биледі. Қыздар аналарын сәндеді. Мереке соңында балалар аналарына қолдан жасаған сыйлықтарын табыс етті. Ата – аналар өз алғыстарын айтып, келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.