Текст
2024 жылы 5 қырқүйек күні Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында қазақтың біртуар перзенті Т. Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтеді. Жалпықазақстандық диктантқа 48 педагог. және 82 оқушы қатысты. Бүгінгі іс-шара тарихи тұлғаларды насихаттау арқылы саналы қоғам қалыптастыруға ықпал етті.