«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан оқыту курстары "Сабақты зерттеу" - оқыту тәжірибесін жақсарту бағыты

24.04.2020
24 сәуірде "Атбасар қ.№1 орта мектебі" КММ базасында ПШО жаттықтырушылары Смайлова Майра Исполовна мен Баян Рахымжанқызының ықпалдастық етуімен  "Сабақты зерттеу" атты қашықтан  оқыту курсы өткізілді. Мектеп тренері Тоқтарова Гүлнар Қазкенқызы  сабақ  дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқушыларды белсендіретін, мотивацияларының артуына әсер ететін, сыныптағы оқушылардың үлгерімдеріндегі проблемаларды анықтайтын байқаумен зерттеу барысындағы  тиімді жұмыс формасымен таныстырды. Бақылау жүргізу кезінде мұғалімдердің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы оқыту тәжірибесін жақсартуға, өнімді нысандар мен әдістерді таңдауға әсер етеді. Мұғалімдер байқаудың маңыздылығы туралы видеоролик қарады, презентациямен жұмыс жасады және бейнесабақ  талдауы бойынша оқушыларды алғашқы бақылау жүргізді.
Тушембекова Нурсулу Тельмановна  С тобындағы оқушыларға   мазмұнды талдау жүргізіп,  мотивациялары төмен  оқушылармен  жұмыс тұрғысын өзгерту туралы ұсыныс  жасады. С тобы оқушыларының  әлеуеттері бар,   бірақ оны  әрдайым сабақта жүзеге асырмайды деп атап өтті. А тобының дарынды оқушыларын БакияноваКунсулуКуандыковна атап өтті, оларға жеке тапсырмалар беру қажет. Даржанова Алтынай Отызбаевна және Шпиц-Берг Марина Федоровна сабаққа егжей-тегжейлі талдау жасап, мұғалімге оқыту тәжірибесін жақсарту бойынша тапсырмаларды ұсынды.
Әрине, "бақылау" компоненті бойынша бірінші сабақ - Сабақты зерттеу кезінде қолданылатын ұғыммен танысу. Сондықтан  да рефлексия кезінде мұғалімдер алдымен  тұқым отырғызды, сосын  гүл өсірді. Кейін курста сабақтар сериясы бақылау түрлерімен, практикада қолданылуымен таныстырады. Мұғалімдер белсенділігінің арқасында сабақ нәтижелі өтті, сабақта практикалық қолдануға бағытталған. Үлкен жұмыс өтіліне қарамастан, мұғалімдер кәсіби білімін арттыру үшін уақыт тапты. Қашықтықтан оқыту жағдайында курстар сабақтарын өткізу оңай емес, бірақ уақыт өте қиын емес. Мұғалім өзінің оқыту тәжірибесін жақсарта отырып, өз елінің дамуына елеулі үлес қосатындығын есте сақтауы тиіс!
 
 
 
 
 
 
 
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.04.2020 18:58
Құрылған күні: 27.04.2020 09:18

Текст