Қазақстандағы ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Мерекенің тарихы 1992 жылы Елбасының Қазақстан мемлекетінің Қарулы Күштерін құру қажеттігі туралы Жарлығы шыққан кезден басталды. 2012 жылға дейін бұл күн кәсіби қорғаушылар күні ретінде тойланып келді. 2012 жылдан бастап Президент Жарлығы шыққаннан кейін мемлекеттік мерекелер дәрежесіне көшті. Биылдан бастап Отан қорғаушылар күні мемлекеттік деңгейде - армиялық шерулермен тойлануда. Осы мерекеге «No1 жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп кітапханашысы Конурбаева Д.А. « Отанға қызмет – өмірлік міндет»
атты тақырыптық сөре безендірілді. Қазақстанда 7 мамыр – азаматтардың тыныш ұйықтауы үшін күндіз- түні ауыр жұмыс атқарып, мемлекетті қорғап жүргендерге арналған салтанатты күн.