Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар
қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де психология апталығы аясында «Жақсылық
жаса!», «Жаныңның қайырлысы, жақсылық жаса!» тақырыптарында сабақтар өткізілді. Мақсаты:
Оқушылардың бойында мейірімділікті дамыту, жақсылық, игі істер туралы түсініктерді
қалыптастыру, толеранттылық пен ізгі ниеттің әрбір адам өміріндегі рөлі туралы білімдерін
кеңейту.