Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Атбасар қаласының әкімдігінде марапаттау рәсімі өтті. Мектеп қызметкері Юлия Вячеславовна Соломка көп жылғы адал еңбегі, білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі жеке үлесі үшін «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ Құрмет грамотасымен марапатталды.
Білім беру жүйесіндегі жоғары кәсібилігі, тарих пәнінің мұғалімі Идрисова Жанар Мыңжасарқызы адал еңбегі үшін "Нұр-Сұлтан және Ақмола облыстық білім және ғылым кәсіподағының ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мектеп кітапханашысы Конурбаева Динара Айтбаевна Ақмола білім кәсіподағынан "Дискавери-Бурабай" демалыс орнына сертификат алды.
Білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, кәсіби шеберлігі және жұмыста қол жеткізген нәтижелері үшін ерен еңбегіне лайықты наградалармен марапатталған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз.