«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің ортақ келешегіміз бүгіннен басталады…

23.04.2019

Қазіргі заман –  армандай алатын  және

 армандарын шынайылыққа айналдыра

 білетін талантты, қажырлы,

өздеріне сенімді адамдар   заманы

Н.Ә. Назарбаев.


Мектептегі оқу үдерісінің  оқу-тәрбиелік деп аталу тегін емес. Заманауи мектептің  миссиясы  тек қана білім беру  шеңберінен шыққалы қашан,  қазіргі кезде тәрбие жұмысына, баланың әлеуметтенуіне ерекше назар аударылады. Мектеп қабырғасында жүріп–ақ ол үлкен өмірге дайындалуы  және өзінің қоғамға қажеттілігін сезінуі тиіс. Осы орайда мектептік  өзін–өзі басқару органының атқаратын рөлі аз емес. Нағыз үлкен өмірдегі шынайы жағдайлардағы басқару, өзіра–ақарым-қатынастың  шағын үлгісі  болып табылады. Сондықтан,  оқушылардың өздеріне де, мұғалімдерге тіпті олардың ата-аналарына да оқушылар өзіндік басқару органының қызметін жете бағаламауға болмайды. Ол не үшін құрылады? Ең алғашқы кезекте балалардың өз бос уақыттарын  өздері ұйымдастыруы үшін және оны жай ғана емес, қызықты, тартымды, маңызды,  әрі пайдалы түрде, өздеріне  ғана емес, барлық адамдарға қызықты болатындай етіп  өздігінен ұйымдастыруы үшін. Жеткіншектерді не қызықтыратынын, оларға не істеу керектігін  бұл жерде балалардың өздерінен басқа ешкім білмейді, сондықтан өздері болмаса  кім ұйымдастырмақ? Дәл осы  істі жүзеге асыру  мақсатында Ұлт көшбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» құрылған. Жас Ұландықтар – өз Отанына пайдалы болу, адамзаттың ең адам идеалына айналу, өз халқының және отбасының салт-дәстүрлеріне, достыққа, ар-намысқа, мейірімділік пен әділдікке  адал болу – деген ұранмен жұмыс жасап, игі істермен айналысады! «Жасұлан» қатарына қоғамның дамуына өз үлесін қосқысы келетін, ұйымның ережелері мен тәртібін қабылдайтын, оның іс жүзіндегі талаптарын құрметтейтін және сәйкес әрекет жасайтын білім беру ұйымының кез келген ұлы немесе қызы  қабылдана алады.

Ұйым екі буынна құралады:

—  кіші буын «Жас Қыран» —  6-10 жасар,

—  ересек буын «Жас Ұлан» —  11-16 жасар балалар;

 «Жас Ұлан» қызметінің негізгі бағыттары: «Зерде», «Руханият», «Отан», «Жеті жарғы», «Салауат», «Еңбек», «Экоәлем». «Жас Ұлан» ұйымының кез келген сатысында на–«Ұланбасшы» көшбастайды, ол оқу жылында бір рет, 9-10 сынып оқушыларының арасынан Ашық жиналыста жалпы дауыс беру арқылы сайланады.  Жылына бір рет аудандық «Үздік Ұланбасы» конкурсы өткізіледі, оған ауданның барлық мектептеріндегі Ұланбасылар қатысады.

19 сәуір күні Атбасар қ.  №1ОМ-«Үздік Ұланбасы 2019» аудандық конкурсы өтті. Конкурс үш кезеңде өткізілді: 1 тур сырттай: «Один день из жизни Ұлан басы» үздік  бейнеролик, Zhasulan_atbasar_duc  инстаграмм әлеуметтік желі беттерінде дауыс берілді. Екінші тур «Өзіндік презентация», онда  конкурсанттар  өздерінің көшбасшылық, жеке сипаттарын, даралығын, патриотизмін, бірегейлігін, шығармашылық әлеуеті мен артистизмін көрсететін  шығармашылық  визит карточкаларын ұсынды. Үшінші тур -Ұлан басы бастауымен  мектеп министрлігінің 2018-2019 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы «Презентация-есеп».

Біздің мектептің намысын 10 сынып оқушысы Сексенбаева Томирис қорғады және ол ауданның  29 мектебі ішінен құрметті  1 орын иеленді! Ол өзінің сенімділігі, жеке келбеті, сүйкімділігі арқасында барлық жиналған адамдардың жүрегін жаулап алды. Томирис «Мектеп Ұлан басы» атағына зор жауапкершілікпен қарап, сәтті атқарып жүр. Томиристің бастаған  оқушылар өзін-өзі басқару  органы мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен және басқа да  білімдік үдеріске қатысушылармен қызметтестік жасауға дайын, тіпті,  білімдік үдеріске саналы түрде қатысуға дайын. Олар барлық 7 бағыт бойынша түрлі шараларды ұйымдастырады. Сөйтіп,  оқушылар өзін-өзі басқару  органы арқылы мектеп оқушылары  өзін–өзі басқару  сан түрлі сыныптан тыс  қызметтерге белсенді араласып, әлеуметтік қызметтегі азаматтық тәртіп тәжірибесіне жұмылдырылуда. Мектеп Ұланбасы барлық министрліктердің жұмысын бағыттайды, сынып старосталарымен жұмыс жасайды, олардың жұмыс нәтижесін қадағалайды.

Аталмыш конкурсты сараптай келіп, ауданымызда  келешекте атбасар жерінің атын айға шығаратын,  өз Отанына зор пайда келтіретін талантты,  табысты, дарынды, іскер  балалар бар екен-ау  деген керемет ой тұжырымдадық.

№1ОМ вожатыйы: Нургалиева К.С.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.04.2019 11:44
Құрылған күні: 24.04.2019 11:58

Текст