Текст
«Атбасар қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Оқитын мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашысы Д.А. Қоңырбаева 6 «А» сынып оқушыларымен қазақ жазушысы, тарихшы, публицист Саурбек Бақбергенов туралы әңгімелесті. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Ол қазақ халқының тарихын, өмірін баяндайтын көптеген танымал туындылардың авторы, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты.