Еліміздің ертеңгі болашағы-өсіп келе жатқан жас ұрпақ болғандықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамыздың міндетіміз. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Атбасар қаласында, мамыр айында «Үздік педагог – 2021» аудандық байқауы өткізілді. Байқауға ауданымыздың балабақшалар және шағын орталықтың сегіз тәрбиешілері қатысты. Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген байқауға Дүйсенбі Назігул қатысып І орынға ие болды. Бұл байқауда әріптестеріміз өз жұмыстарын жақсы көрсете білді және шығармашылық жұмыстың түрлерін, өздерінің зерттеу жұмыстарының бастамасын қолданудың тиімді тәсілдерін көрсетті. Дүйсенбі Назігул он жыл уақыт ішінде өз мамандығы бойынша жаңа технологияларды озық меңгерген, өз жұмысына шын берілген кәсіби маман екенін көрсете алды.Дүйсенбі Назігул асық технологиясы бүлдіршіндерді дамытуға қажетті методикалық құрал екеніне көз жеткізді. Назігул мамандығын сүйетін, өз ісінің білікті маманы, үлкен шығармашылық потенциалы бар жоғары мәдениетті тәрбиеші. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің сан алуан формалары мен әдістерін сабақтарында кеңінен қолдана біле алатын, оқытудың заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларын жақсы меңгерген маман. Дүйсенбі Назігул заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті тәрбиеші екеніне сеніміміз мол.Биікке қарай, қанаты талмай, самғай ұша беретін тәрбиешінің бірі – Дүйсенбі Назігул деп танимыз.
"Айналайын" шағын орталығының Тәрбиешісі Жакупова. А А.