«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Лайықты марапат - жаңа жетістіктер үшін тамаша бастама

09.11.2021

"Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ мектеп ауласын ерте көктемнен кеш күзге дейінгі аралықта ЕРТЕГІ ӘЛЕМІ деп атауға болады. Әр түрлі халық эпостарының ертегі кейіпкерлері,  нәзік те үйлесімді таңдалған сан алуан  гүлдер мың құлпырып, көз тартады,  балалық шақтың таңғажайып және алуан әлеміне жол ашады. Туған ауланы ең жақсы етуге деген үлкен ықыласқа ие бола отырып, бұл ертегінің барлығы ата-аналардың, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің бірлескен күшімен біздің әр оқушымыздың жеке басын үйлесімді дамыту үшін жасалды.

№1 жалпы білім беретін мектептің аумағы ең үздіктердің бірі болып саналуы әбден орынды. Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ұйымдастырған жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің облыстық форумында үздік деп аталу құқығына ие болды. Облыстық "Бережем и приумножаем" конкурсында  "Ең жасыл мектеп" номинациясында гүлзарлардың эстетикалық безендірілуі және мектеп ауласының түрлі түсті палитрасы 1 орынға ие болды. 2021 жылғы 8 қарашада Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г.мектеп директоры Л. Г. Бековаға құттықтау сөз жолдап, құрмет грамотасы мен бағалы сыйлық – жылыжай сертификатын табыс етті.

Біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз және балалық шақтың гүл жайнаған аралын құрған барлық жұмысшылар мен ата-аналарға алғыс айтамыз. Мектеп маңайын кұлпыртуға қосқан үлестеріңіз, түсіністік пен жылы көзқарастарыңыз үшін баршаңызға көп рахмет.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 09.11.2021 18:15
Құрылған күні: 25.11.2021 16:45

Текст