Текст
2025 жылдың 23 қаңтарында Атбасар ауданының полиция бөлімінің қызметкері Г. С. Мархабат "Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты мұғалімдердің қылмыстың жаңа түрлері туралы хабардарлығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту болды.
Алаяқтықтың кең таралған тәсілдері мен фактілері туралы тақырыптар қозғалды. Киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды, өйткені бүгінгі таңда алаяқтық әрекеттердің көпшілігі онлайн-кеңістікте жүзеге асырылуда. Мұндай іс-шаралар азаматтарды қорғауға бағытталған қылмысқа қарсы күресте маңызды құрал болып қала береді.