03.02.2026
2026 жылдың 3 ақпанында Атбасар қаласының КГУ "№1 жалпы орта мектебінде" Қазақстан Республикасының Конституциялық реформасын талқылауға арналған "Біз және Конституция" тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараға 10-11 сынып оқушылары белсенді азаматтық позиция танытып, елдің мемлекеттік құрылымы мен құқықтық даму мәселелеріне қызығушылық білдірді. Диалог алаңының мақсаты – жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және Конституцияның мемлекеттің негізгі заңы ретінде маңыздылығын түсіну болды. Кезеде оқушылар Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістермен танысып, олардың қоғам өмірі мен Қазақстанның болашағына әсерін талқылады. Іс-шара ашық диалог түрінде өтіп, оқушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, сұрақтар қойып, өзекті құқықтық тақырыптарды талқылауға қатысты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, азаматтық қоғамның рөлі, әділдік пен заң үстемдігі принциптерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

