Текст
04.03.2026
"Цифрлық мұғалім" жобасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан оқушыларды қолдау бойынша жүйелі жұмыс жалғастырылды. Жобаның негізгі мақсаты-тең білім беру мүмкіндіктерін құру, білім сапасын арттыру және оқушыларда тұрақты оқу уәждемесін қалыптастыру.
Жылдық жоспарға сәйкес келесі бөлімдер пысықталды: Тригонометриялық теңдеулер және тригонометриялық теңсіздіктер. Сабақтар цифрлық білім беру ресурстарын (Bilim Land) интерактивті платформаларды және жеке консультацияларды пайдалана отырып өткізілді. Бұл формат оқу процесін көрнекі, қол жетімді және тиімді етуге мүмкіндік берді.
