Заманауи педагогикалық инфрақұрылым мұғалім алдында кәсіби тұрғыда өсудің жоғары талабын қойып отыр. Бүгінгі күні жоғары білім беретін оқу мекемесін бітіріу және бес жылдан кейін курстық даярлықтан өту жеткіліксіз. "Өмір бойы білім алу» - Ұлт Көшбасшысының ұраны мұғалімдердің кәсіби кредосына айналды. Атбасар ауданының жетекші мектептерінің мұғалімдері өздерінің әдістемелік деңгейлерін толықтыру мақсатында Қима ауданы Абдрахманов атындағы орта мектепте: " Совершенствование практики педагога в контексте обновленного содержания образования" тақырыбында өткен өңірлік семинарға қатысты. Семинарға №1ОМтен: бастауыш сыныптар бойынша оқі ісінің меңгерушісі Позднякова Т.В., физика мұғалімі Якубович Е.А. және орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Токтарова Г.К. қатысты.
Семинар мекетптің әдістемелік тақырыбы бойынша презентациямен, Жақсы ауданы мектептерінің әдістемелік көрмесімен басталды. Онда әр мектеп өздерінің банерлерін қорғап, мектептерінің әдістемелік тақырыптарымен , технологиялармен таныстырды, үздік мұғалімдердің тәжірибелерін жалпылады. Қатысушылардың бәрі мұғалімдер тәжірибесінің байлығын, оқытудың жаңа технологияларының алуан түрлілігі мен оларды енгізу нәтижелігін атап өтті. Келесі кезекте Мастер класста жұмыс жасау үшін қатысушылар 4 топқа бөлінді. "Сабақты зерттеу " өзекті тақырыбы коучинг түрінде ұсынылды . Запорожье мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Алешина Е.В. мен мұғалім Абилова А.К. сабақты зерттеудің бірнеше циклын өз тәжірибелеріне тәсіліміен бөлісті. Қима мектебінің биология және химия мұғалімі Васильева Ю.Ю. мен қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Алшынбаева Ж.З. "SMAPT - технологии в образовательном процессе" тақырыбы бойынша мазмұнды практикум өткізді. Жақсы №1ОМ ағылшын тілі мұғалімі Адильшинова А.К. мен Беловодское мектебінің физика мұғалімі Бекболат Еркегүл оқыту үдерісі барысында пәндік- тілдік кіріктіру, жаратылыстану- ғылыми цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша өз тәжірибелерін көрсетті. Запорожье мектебінің директоры, клуб жетекшісі Байдусенов Е.Р. "Номад" аудандық археологиялық клубпен атқарылып жатқан патриоттық жұмыстарды ортаға салды. Ишим мектебі ТЖҰ Ташет Н.Б. мектептегі театр жұмысын жалпылады. Топтармен театр студияларының қызметі тәжірибе жүзінде қызықты көрсетілді, олар түрлі рөлдерді дыбыстады, интонациялады, ертегілерден эпизодтар ұсынды.
Семинар соңында қорытынды шығарылды. Барлық қатысушылар семинардың жоғары деңгейде дайындалып, өткізілгенін, педагогтардың өз жұмыстарына оқытудың жаңа тұрғыларын енгізудегі кәсіби деңгейлерінің аса жоғары екенін атап өтті.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мұғалімнің сапалы қызмет жасауы, әдістемелік мүмкіндіктерін толықтыруы үшін осындай мүмкінлдік ұсынған АББ және №1ОМ әкімшілігіне алғыс білдіреміз.