«Барлық заттардың өлшемі-кеңістік, уақыт–барлық оқиғалардың мөлшері. Кеңістік пен уақыт көкжиегі тоғысқанда жаңа тарих басталады. Н.А.Назарбаев.
№ 2ОМ-те «Семь Граней Великой Степи» - история во всей ее многогранности и многомерности» тақырыбына сынып жетекшілерінің аумақтық семинары өткізілді. Жақсы, Зеренді, Сандықтау және Атбасар аудандарының ұстаздары, аудан және қала мектептерінен мұғалімдер қатысты. Олар Президент бағдарламасымен таныстырудың сан алуан түрі мен жолдарын ұсынды. Өткізілген шаралар: 3 сыныптағы «Золотой человек» сынып сағаты (Исупова А.П. № 2ОМ бастауыш сынып мұғалімі), «Семь Граней Великой Степи» жоғары сынып оқушылары клубының отырысы (Кравченко И.В. № 2ОМ тарих мұғалімі ), «Эффективные способы изучения программы «Семь граней Великой Степи»» мастер – класс (Нурмаганбетова К.К.- №6ОМ тарих мұғалімі).
Аталған жоба— «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Мұғалімнің міндеттері – сыныптан тыс шаралар, әңгімелер, сынып сағаттары арқылы аталмыш бағдарламаның мәнін оқушылар санасына жеткізу. Бірлескен қызметтестік, тәжірибе алмасу мен ұсыныстар беру тәрізді жұмыстар педагогтарға «Рухани жаңғыру» Жалпыұлттық бағдарламасының жиынтықтары туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті.
Семинар соңында Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна Наймушина жиналғандарға шығармашылық табыстар мен жаңа жаңалықтар тіледі.