2019 жылдың 8 ақпанында «Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ-де «Оқушылармен және ата-аналармен жұмыс істеудің педагогикалық этикасы» тақырыбында сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшілері ӘБ отырысының күн тәртібіне сәйкес, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Макишева А.М «Мұғалімнің тұлғасы педагогикалық тұрғыдан тиімді қатынастарды қалыптастыру факторы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Сынып жетекшілерін «Сынып жетекшісі туралы» ережемен қосымша таныстырды. Макишева А.М. жылдың бірінші жарты жылдығында сабақты көп босататын оқушылар туралы жүйелі түрде талдау жасады.
Мектеп директоры ЧуркинаТ.А., директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Макишева А.М., әлеуметтік педагог, Нургалиева К.С., сынып жетекшілері, аз қамтылған отбасыларына және мектепішілік есепте тұрған оқушылар отбасыларына жүргізілген рейдтік іс-шараға қорытынды жасады..
Отырыс шешімі: мектеп мектепішілік есепте тұрған оқушыларға бақылауды күшейту. Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына үлкен көңіл бөлу қажет. Мемлекеттік жасөспірімдер инспекторын шақырумен «Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбы бойынша лекция ұйымдастыру және өткізу.