Мектеп зияткерлік марафоны – бұл мектеп оқушыларының арасындағы көп пәндік жарыс, бұл әр оқушы тұлғасын дамытуға бағытталатын оқу-тәрбиелік жұмыс. Ол бала тұлғасының дамуына ықпал етеді, атап айтқанда: марафонға қатыса отырып оқушы өзіндік білім алуға, өзіндік іске асырылуға құлшынады; оның өзін–өзі бақылау дағдысы қалыптасады; оған осы жұмыстар кезінде жүйелілік, креативтілік пен ойдың сынилығын көрсетуге тура келеді.
14 ақпан күні біздің мектепте бірінші және екінші сынып оуқшылары арасында зияткерлік марафон өтті. Марафон тапсырмаларын табысты орындау үшін оқушыдан мектеп бағдарламасы бойынша білім мен қатар, эрудицияға қатысты қатысты тапрсырмаларды орындау керек болды. Тапсырмалар дәстүрлі және дәстүрлен тыс кездегі сәттерде шешім таба білуді қамтыды. Осы тапсырмаларды орындай отырып оқушылар логикалық ойлау, яғни, классификациялау, жалпылау және баламасын таба білу, нәтижені болжай білу дағдыларын, оның ішінде, түйсік пен қиялдарын көрсетті. Қатысушылардың орындаған тапсырмалары қарапайым болған жоқ, олар реакция жылдамдығын, ақыл-ой, назарды талап етті. Әр баланың өз білімін, тапқырлығын, ақыл-ойын көрсету мүмкіндігі болды.
Барлық қатысушылар өздері көрсеткен нәтижелерге разы болды.
Смагулова Г.К. - бастауыш сынып мұғалімі