2019 жылдың 1 - 12 ақпаны аралығында «Өзін-өзі тану - Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» айдарында гуманитарлық цикл онкүндігі өткізілді.
«Өзін-өзі тану» пәні онкүндігінің мақсаты - әр бала үшін мектепте мазмұнды білім алуға, олардың табысты болуына барлық мүмкіндіктерді жасау болды. Тәжірибелі педагогтар әр баланы жұмылдыра отырып көптеген қызықты, алуан түрлі шаралар өткізді. Онкүндік қорытындысын шығару бойынша салтанатты жиында жиналғандар назарына 3 «Б» сынып оқушыларымен дайындалған «Самопознание – любовь и доброта» әдеби – музыкалық композиция ұсынылды. Мектеп директоры Татьяна Александровна Чуркина жиынға қатысушыларға игі тілегін білдірді. Ол барлық шараларға белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, конкурстардың номинациялары бойынша жеңімпаздарды грамоталармен марапаттады.
Керемет көңіл-күйге бөленген, оң эмоция бойларын кернеген оқушылар жиын соңында «Дорога к солнцу» әнін шырқады.
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері ӘБ жетекшісі Альбрехт Т.Р.