Текст
Биология және химия апталығы шеңберінде 19 ақпан күні Даржанова А. О. биологииядан ағылшын тілін пайдалану бойынша сабақ өткізді. Сабақ 8"Б" сыныпта; "Строение органа зрения человека" тақырыбы бойынша өтті. Мұғалім сабақта оқытудың инновациялық технологияларын қолданды. Негізінен жеке жұмыс, жұппен жұмыс жасалып, оқушылардың өздігінен білім іздеуіне ықпал етті. Білім алушылар ағылшын тіліндегі терминологияларды пайдаланып, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындады. Рефлексия «Телеграмма» стратегиясы түрінде өткізілді, онда балалар адамның көру органының маңызы туралы өз ойларын білдірді.