«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Заманауи тілдің функциясы

06.09.2019
Тіл дамыту қоғамды дамытумен үздіксіз байланысты. Тіл – қоғам  өмірінде  болып жатқан тарихи, саяси және әлеуметтік өзгерістерге әсер ететін тірі ағза. Заманауи тілдің функциясы  – байланыс  және ойлау. Оның ішінде ең бастысы, сөз жоқ, байланыс  қызметі, осы қызмет арқасында адамдар бірі-бірімен тілдеседі, маңызды ақпараттарды, сезімдерін, тілектерін   жеткізеді. Ойлау қызметі арқылы адамдар өз ойларын, пікірлерін қалыптастырумен қатар,  ойындағының бәрін тіл арқылы  өзгелерге  жеткізеді. Тілдің гносеологиялық немесе танымдық қызметі бар, адам қоғамның өзге мүшелерінен  алған ақпараттың бәрін талдайды, соның арқасында қоршаған әлемді  ғылыми тану  процессі туындайды.  Сонымен қатар,көркем шығармаларда пайдаланылатын  тілдің  эстетикалық  функциясы болады. Әдебиетте қолданылатын  бұндай тіл  адамдарға  эстетикалық ләззат сыйлайды, эмоцияға бой алдырады, адам жанын толғандырады. Уақыт әсерінен кейбір сөздер ескіріп,  күнделікті қолданудан  мүлде жоғалып кетеді, олардың орнына  тілімізге заман талабына барынша сай келетін жаңа сөздер келеді. 
Тіл – адамзат үшін үлкен сйы екені сөзсіз. Сондықтан,  жаман сөздерді  және паразит-сөздерді қолданып, тілдің сәнін, сұлулығын бұзудан аулақ болуға тырысу керек, демек, осы сөздер арқылы біз ең алғашқы кезекте халқымыздың мың жылдық  мәдениетіне  және өз жеке басымызға  зиян келтіреміз.   

 

Токтарова Г.К.

Просмотров: 566


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст