2018 жылдың 19 қаңтары күні «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие маңызын арттыру мақсатында Атбасар қ. №2 орта мектебінде «Парыз-ДОЛГ» қоғамдық бірлестік төрағасы Али Беккул Алиевичпен кездесу өткізілді. Кездесуге Атбасар ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Комиссаров И.И., Атбасар қ. АҚББ басшысы Омарқұл Б.А., Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Жаманбаев С.С. қатысты. Кездесу барысында Али Беккул Алиевич ҰОС жылдары РФ және Беларусь жерінде қаза болған сарбаздар бойынша жүргізілген іздестіру жұмыстары туралы айтты. Келген қонақтарға «Брест қорғаушылары» фильмі көрсетілді. Атбасар ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Комиссаров И.И. барлық оқушыларға Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуковтың сөзі жазылған үнпарақтар таратты.