«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы жерлесіміз туралы естелік

15.01.2018

Ілияс Есенберлиннің барлық ісін  азаматтық

ерлік деп батыл атауға  болады

Н.Назарбаев

Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Ол балалық шағы, жастық өмірінде 1920-30 жылдары әлемде болып жатқан әлеуметтік толқулар, ашаршылық, кедейшілік заманға тап келген. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына енгізілген және ұлттық құндылық болып табылады.

Ұлы жазушыны туып-өскен жері - Атбасар қаласында жазушы естелігін қасиет тұтады, мақтан етеді. Кезінде жазушы тұрған үй орналасқан көшеге Есенберлин аты берілген, мемориалдық тақта орнатылған.

1999 жылдың 24 желтоқсаны күні Ілияс Есенберлин атындағы әдеби мұражай ашылды. Мұражай қорында 2000-нан астам жәдігер бар, оның ішінде: жазушының жеке заттары, хаттары, поштасы, кітаптары, қолжазбалары, жанұялық фотосуреттер. Жазушы туралы естен кетпес ерекше естелік ол әрине оның баға жетпес кітаптары.

Ілияс Есенберлиннің досы жазушы Әзілхан Нұршайықов: «Әдебиет әлемінде салқын сәуле шашып тұрған жұлдыздар көп. Бірақ, Ілияс Есенберлин өз бойынан сәуле, қуат, жылу шашып тұрған бірегей, жарық жұлдыз» - деген екен кезінде.

Атбасарлықтар өз жерлестерін лайықты мақтан ете алады. Өйткені, жарқын жұлдыз атанған жазушы жүрегінің бір бөлігі балалық шағы өткен жерде мәңгіге қалды, сәулесі мен шұғыласы күні бүгінге дейін жарқырап тұр. Жазушының туған күнінде көптеген атбасарлықтар қаланың орталық алаңындағы Ілияс Есенберлин ескерткішіне келді, гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, штрих коды бар тақтайша орнатылды. Енді қаланың кез келген тұрғыны, қала қонақтары жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәліметтерді біле алады. 9 «А» сынып оқушылары шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болды! Ұлы адам туралы естелік көптеген жас ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталап қалады!

Просмотров: 569


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст