«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналармен әріптестік

10.01.2018

Ата-аналармен әріптестік пен қызметтестікті оларды үйрету арқылы емес, кеңес беру, бірге ойластыру, бір мәселені бірігіп шешуге жұмылдыру, барлық шараны келісіа алып атқару арқылы құруға болатынын мен өз сыныбыммен жұмыс жасау кезінде бірінші күннен бастап-ақ түсіндім. Қарым-қатынас кезінде: «Ал сіз қалай ойлайсыз?", «Қалай болатынын келісіп алайық, ойластырайық", "Осы мәселе бойынша сіздің пікіріңізді білгім келіп отыр» деген сөздерді қолданған жөн. Шынында, ата-ананың да, сынып жетекшісінің де мақсаты бір: баланы мейірімді жақсы адам етіп тәрбиелеу, оның бойына адамгершілік қасиетті ұялату және шығармашыл тұлға болуына ықпал ету..

Көптеген ата-аналар қызметтестік жасауға құлшыныс танытып, оқушыларды тәрбиелеу мәселесіне қызығушылықтарын көрсетіп те жүр. Осы орайда маған көбінесе Диль Анастасия Александровна төрайымы болып келетін ата-аналар комитеті көп көмектеседі. Осы кісі ата-аналардың басын қосып, олардың сынып жұмысына қатысуын ұйымдастырады, сынып кабинетінің келбетін жақсатртуға көмектеседі, соның нәтижесінде сыныпқа қажетті жиһаз, стендтер, шаруашылық керек-жарақ құралдар алынды. Осындай бірлесіп, ұйымдасып жасаған жұмыстың нәтижесі - ата-аналардың кез келген алаңдаушылық мәселе бойынша ақыл кеңес сұрап, өз ойымен, жан-дүниесімен бөлісуі, ашық жарқын қарым-қатынасы - маған артқан сенімі болып отыр..

Ата-аналарға тығыз қызметтестіктері үшін алғыс білдіремін!

Просмотров: 447


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст