2018 жылдың 4 қаңтары оқушысы күні 10 сынып (сын. жет. Токтарова Г.К.) және 9 "А" сынып оқушылары (сын. жет. Кравченко О.В.) "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" бағдарламасы шеңберінде, жазушының өмірбаянымен және әдебиеттік қызметімен танысу мақсатында Атбасар жерінің мақтанышы, қаламыздың құрметті азаматы болып келетін Ілияс Есенберлиннің әдеби мұражайына барды. Президент осы жобаның тағы бір тармағы "Туған жер" жобасы арқылы туған жерге сүйіспеншілік пен құрмет сезіміне жәнне еліміздің шынайы патриоттарын тәрбиелеу мәселесіне ерекше назар аударған болатын. " Наш золотой фонд " - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның лайықты азаматтарын мақтанышпен «Біздің алтын қорымыз» деп атады, соның ішінде біздің жерлесіміз Ілияс Есенберлиннің де алар орны ерекше. Оқушылар Ілияс Есенберлин мен оныңі інісі раунақ туралы біршама қызықты мәліметтер мен деректерді, Есенберлиндердің өмірбаяны, тарихы туралы айтқан саяхат жүргізуші Адылбаева Салтанаттың сөзін қызыға тыңдады. «Ұлы қазақтардың құпиялары мен тағдыры» атты жаңа фильм балаларды ерекше қызықтырды. Бұл фильм арқылы жиналғандардың көз алдында туған жердің тарихы, халықтың өміріндегі трагедиялық сәттерді көз алдына сипаттап берді. Десек те, фильм Отанға деген шынайы сүйіспеншілікке, болашаққа деген риясыз сенімге толы болды.
Мұражайға саяхат балалардың жүрегенде ерекше сезім орнатып, тамсандырды, таңдандырды. Ересектерден естіген жайттарды көріп, көргендерін електен өткізіп, оны жан-дүниесімен сезіну арқылы балалар есейеді. Мектеп демалысы кезінде өткізілген бұл шара патриот-азаматтарды тәрбиелеудегі кезекті баспалдақ іспетті болды.