Барлық адамдардың сүйікті мерекесі-Жаңа Жыл қарсаңында «№ 4орта мектеп» КММде аз қамтылған отбасылардағы балалар мен ерекше білімдік қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жылдық шара өткізілді. Атбасар ауданының әкімі Қалжанов Аманбек Амирхамзинович пен Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна шараға жиналған барлық балалар мен ата-аналарды келе жатқан 2018 жылмен құттықтады. Біздің мектептен: Абенова Жанель, Бондаренко Евгений, Швидкий Дмиртрий, Нугуманова Сабиналар қатысты. Балалар тәтті сыйлықтар және осы шарадан естелік ретінде балалар энциклопедияларды сыйға алды. Балалар №4 орта мектеп ұжымымен «101 Далматинец» мульфильмінің сценарийі бойынша құрылған «В поисках волшебного ключа» театрландырылған қойылымына қатысты, оның барысында оқушылар шыршаның жанында Аяз атамен, Қарша қызбен, Круэлламен, счастливчик далматин, диковинка-далматин, скоморохпен және басқа да көптеген кейіпкерлермен бірге ән салып, би биледі. Мереке соңында балалардың бәрі өздеріне аннайы тәтті үстел жасалған «Зимняя сказка» дәмханасына шақырылды. Бұл шараға қатысқандардың бәрі керемет көңілге бөленіп, шаттыққа кенелді. Осы мерекеге қатысқан оқушылар мен олардың ата-аналары атынан атаулы мерекенің ұйымдастырушылары: Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Наймушинаға және №4 ОМ басшысы біздің балаларымызыға сыйлаған тартымды мерекелік шара үшін шынайы алғыс білдіреміз.