12 желтоқсан күні № 5 «Алтын бесік» балабашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасындағы балалар патриоттық әндер аудандық фестивалі өтті. Фестивальге ауданның 18 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қатысты. Фестивальдің ашылуы салтанатты түрде өтті. Кішкентай орындаушылардың өнер көрсету кезінде шығармашылық тұрғы, бірегейлік, орындаушылық шеберлік пен артистизм байқалып тұрды. Қазылар алқасының мүшелері балабақшалар мен шағын орталық тәрбиешілерінің өнер көрсету деңгейінің жоғарылығын атап көрсетті.
№1 ОМ жанындағы «Айналайын» шағын орталық тәрбиеленушілері «Моя Родина Казахстан» патрипоттық әнін орындап аудандық фестивальге белсенді қатысқаны үшін грамота алды. Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар берілді!