«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бар жақсы балаларға

12.12.2017

№1 ОМ 4 «Б» сынып оқушысы Чуприн Данил мен Жамбыл Жанболат ОМ Алматы қ. «Бөбек» білімдік-сауықтыру орталығына барып қайтты.

«Бөбек» орталығынан келген балалар өздерінің әсерлерімен бөлісті: «Күнде дәруменге бай таңертеңгі асты шіп болған соң біз "сауығуға" бардық. Емдік және дамытушы процедураларымыз «биоптрон», «вихревые ванны», «сенсорная комната» деп аталды. Біз бұрын - соңды бұндай сөздерді естіген де жоқпыз. Алғашқы кезде бұл процедуралар біз үшін қорқынышты көрінгенімен, олар сондай қорқынышты емес екеніне көзіміз жетті. Бұл өте пайдалы процедуралар болып шықты. Бұл процедуралар біздің ағзамызды ғана емес, сонымен қатар, ішкі жан дүниемізідді де емдейтін емдік шаралар болып шықты. "Сауығып" болған соң өте қызықты, сан алуан түрдегі, дәстүрден тыс түрде өткізілетін сабақтар өтетін сыныптарға барамыз, күннің екінші жартысында сыныптан тыс шаралар өткізіледі, балалар өздерінің қабілеті мен таланттарын көрсетеді. Күннің соңында аздап шаршаған өткен күннің әсеріне бөленген біздер өз бөлмелерімізге барып демалып, тәтті ұйқыға батамыз. Орталықта өткен күндеріміз, керемет эмоцияларға толы болып өте қызықты болып, көзді ашып - жұмғанша тез өтіп кетті. Біз келешекте де «Бөбек» орталығына барамыз, өздеріміздің достарымызбен, тәрбиешілерімізбен тағы да бір кездесіп, өз өмірімізбен, жетістіктерімізбен бөлісерміз деп ойлаймыз және соған сенеміз…»

Жақсы эмоциялар, жылылыққа толы адамгершілік қарым-қатынастар, мейірімді педагогтармен қатар, баға жетпес жаңа жостар таптық. Бұл жай елеусіз өтетін оқиға емес. Ерте ме кеш пе «Бөбек» сауықтыру орталығында болған балалар дені сау, салуатты әрі тәрбиелі азамат болып шығатыны сөзсіз.

Чуприн Данил мәнерлеп оқу конкурсына қатысып бірінші орын алды, ал Жанболат: «Бобек в моём сердце» тақырыбына шығарма жазып үшінші орын иеленді. жарайсыңдар балалар! Осы беттен таймаңыздар!

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст